“Балалар және театр” жобасы аясында мектеп оқушыларынан құралған “Келбет” театры “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” күніне орай қойылым көрсетті. Қойылымға М.Мақатаевтың “Қош,махаббат!” шығармасы таңдалып, мұңды – музыкалық драма сахналанды.
Аталған іс-шараның басты мақсаты-оқушыларды шығармашылық жұмыстарға белсене араластырып, дарынды оқушыларды тәрбиелеу. Өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, рухани, адамгершілік және көркемдік дамуын қалыптастыру.
“Келбет” оқушылар театры дайындаған музыкалық қойылымында “ Қош, махаббат!” шығармасының желісі бойынша оқиғалар сахналанып, оқушылардың шеберліктерін көрсеткен кеш болды. Оқушылардан құралған жас театрдың әртістері көрермендерге керемет көңіл күй сыйлап, көрермендердің қошеметіне бөленді.
@mugalzhar_bilim_bolimi
Жетекшісі:Мұхамбетжанова Нәзік Меңдіғалиқызы
