Skip to content

“БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ” ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ Ағымдағы жылдың…

“БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ” ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

Ағымдағы жылдың 14 қараша күні Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясында “Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі” тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.

Жиналысқа арнайы шақыртылған Ақтөбе облысы бойынша аналар кеңесінің мүшесі, медиатор, “Алтын алқа” иегері Б.Ә.Әбділдаева, “Қамқор” отбасын қолдау орталығының директоры С.Султанова, “Даналық” әкелер клубының төрағасы Ғ.Дәрімбетов қатысып қазіргі қоғамдағы ата-ананың рөлімен, бала тәрбиесі жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мектеп-гимназия директоры Д.Ибрашева осы оқу жылы қарсаңындағы оқу-тәрбие бағыты бойынша жүргізіліп жатырған және атқарылған жұмыстар бойынша ата-аналарға баяндама жасады.

Мұғалжар аудандық ПБ-нің бастығы Д.Бекжан оқушылардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу туралы сонымен қатар демалыс кезінде балаларды көзден таса етпей, қадағалаусыз қалдырмауды,
оқыс оқиғалар мен төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша айтып өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *