Skip to content

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ-ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ⚖️👨‍👩‍👧‍👦 Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес,…

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ-ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ⚖️👨‍👩‍👧‍👦

Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» – демеп пе еді.Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата – аналар іс – жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже беру мақсатында мектебімізде 26 қыркүйек күні “Бала қауіпсіздігі-қоғам келешегі” тақырыбында білім саласына қарасты аудан мамандармен жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.

📌Жиналыс мақсаты:
🔹ата-аналардың өмірде де, интернет кеңістігінде де балаларының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау маңыздылығы жөнінде ақпараттандыру;
🔹”Kiva мектебі” бағдарламасымен таныстыру;
🔹білім саласына қарасты мамандардың ата-аналардың сұрағына жауап бере отырып,ішкі-сыртқы тәртіп жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
🔹баланың мінез-құлқы мен әлеуметтік желілердегі белсенділігін бақылау және мектеп ортасындағы құрдастарымен қарым-қатынасы басты назарға алу маңыздылығы жөнінде ақпараттандыру;

📌Жиналысқа қатысқан мамандар:
•Мұғалжар ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы полиция майоры С.С.Абдиров
•Мұғалжар аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлбаршын Қуанқызы
•Мектепшілік “Қамқор әкелер мектебінің” төрағасы Г.Н.Даримбетов
•Мектеп басшысы Данагүл Дулатқызы

KiVa бағдарламасы 2006 жылдан бастап Финляндиядағы Турку университетінде жүргізіле бастады. Бағдарлама сәтті болғаны сонша әлемнің 20-дан астам елі аталмыш бағдарламаны өз мектептеріне енгізді.Ал 2023 жылы NIS Турку университетінің стратегиялық серіктесі болды және еліміздің мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, буллингке қарсы бағдарламаны бейімдеу бойынша үлкен жұмыстар атқарды. Осы жылдың қыркүйек айында республиканың 110 мектебінде KiVa-ны енгізу бойынша пилоттық жобасына Мұғалжар ауданы бойынша,мектеп-гимназия ұстаздары мен оқушылары да енген болатын.KiVa бағдарламасының толық жұмыс барысымен мектеп әлеуметік педагогы Гаухар елемесқызы таныстыру жұмыстарын жүргізді.
#жалпыатааналаржиналысы #kiva #балақауіпсіздігі
#біртұтастәрбие

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *