Skip to content

«Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының бағдарламасы бойынша 30 қазан күні «Боламын…

«Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының бағдарламасы бойынша 30 қазан күні «Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу» тақырыбында мектебіміздің 10-11 сынып ата-аналарына дәріс сабағы өткізілді. Сабақ барысында «Ата-бабаларымыз балалардағы дербестікті қалай тәрбиелеген» және «Балаларды ересек өмірге дайындауда оларға қалай кеңесші және жолсерік болуға болады» тақырыбында ата-аналармен пікір алмасып, ата-аналар жеке "Менің балам – дербес тұлға" жаттығуын, "Тепе-теңдік дөңгелегі» тренингін топпен бірге орындап, «Баланың дербестігі» сауалнамасының сұрақтарына жауап беріп, нәтижесімен танысты. Шара соңында ата-аналар «Додекаэдр» әдісімен өткізілген шараға алғыстарын білдіріп, кері байланыс жасалды. Өткізген: Г.Б.Шагамбаева, Ш.О.Кушанбаева
#БіртұтастәрбиеАқтөбе2023
@mugalzhar_bilim_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *