"Ата-аналарды педагогикалық қолдау" орталығының бағдарламасы бойынша 1-4 сынып ата-аналары үшін «Отбасы-бақыт бесігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: ата-аналардың баланың бақытты өмірінің негізі ретінде оның әл-ауқатын қамтамасыз етуге дайындығын қалыптастыру. Мектеп психологі Г.Аманжолова “Сәлемдесу”, “Қимылда, орында”, “Алақан, жұдырық” атты тренингтер өткізді. “Бақытты баланы қалай өсіру керек” тақырыбында пікір алмасып, “Бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі”бейнеролигін тамашалады. « Қиыршақ тас жолындағы бақытты сапар” аңызы тыңдалып, ата-аналар өз ой-пікірлерін ортаға салды. Шара соңында ата-аналар «Алғыс» әнін бірге шырқап, өткізілген шараға алғыстарын білдіріп, кері байланыс жасалды.
@mugalzhar_bilim_bolimi
