АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА! ❗️
Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясының әкімшілігі 2024–2025 оқу жылындағы “Соңғы қоңырау” мерекесі мен қорытынды аттестаттау рәсімдерін өткізу барысында келесі маңызды ережелерді ескертеді:
ҚҰРМЕТТІ 9-11 СЫНЫП ТҮЛЕКТЕРІ!
Мектепте төмендегі әрекеттерге қатаң түрде тыйым салынады:
✅ Аниматорлар, студиялар және агенттіктерді шақыру;
✅ Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге қандай да бір сыйлықтар табыстау.
Бұл шектеулер – педагогикалық этиканы сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оқу орнындағы әділдік пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында енгізілген.
✅ Мектептің ішкі жөндеу жұмыстары немесе басқа да қажеттіліктер үшін оқушылардан ақша жинауға қатаң тыйым салынады.
✅ “Соңғы қоңырау” іс-шарасын өткізу кезінде оқушыларға қауіпсіздік талаптары түсіндіріледі. Іс-шараға тек ата-анасының немесе заңды өкілінің біреуі ғана қатысуы тиіс. Бұл – кешенді қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін маңызды.
✅ Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге кез келген сипаттағы сыйлықтарды қабылдауға қатаң түрде тыйым салынады.
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Жоғарыда аталған талаптарды қаперге алып, балаларыңыздың қауіпсіздігіне және мектеп ішіндегі тәртіпке жауапкершілікпен қарауыңызды сұраймыз.
Біз үшін әрбір оқушыға сапалы білім мен саналы тәрбие беру – үлкен жауапкершілік әрі абыройлы міндет!
Егер сізде қандай да бір сұрақтар туындаса, кез келген уақытта жауап беруге дайынбыз.
Құрметпен,
Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясының директоры
Ибрашева Данагүл Дулатқызы
@oqu_agartu_ministrligi
@gani.beisembayev
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@k.bulbul78
@dokso_aktobe
@mugaljar_aydanynyn_akimdigi
@mugalzhar_bilim_bolimi
@bahraman_quanyshuly