АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ІС-ШАРАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ💡
🔸Ашық есік күні – оқушылардың ата-аналарын жұмыс режимімен, мектептің оқу және тәрбие қызметімен таныстырудың тамаша мүмкіндігі. Ашық есік күні білім беру сапасын және білім беру процесіне барлық негізгі қатысушылардың өзара қарым-қатынастарына қанағаттану дәрежесін арттыру мақсатында мектепте өткізіледі.
🔹Ағымдағы жылдың 11-15 қараша күндері мектебімізде “Ашық есік күні” іс шарасы ұйымдастырылып өткізілген болатын.Аталмыш шара барысында жұмыс аптасының 5 күнінде,мектеп-гимназияның ата-аналарын қабылдап,ұстаздарымыз сабақ барысын ата-аналардың қатысуымен жүргізген болатын.Ашық есік күні шарасы аясында жоғары буын сыныптары бойынша 256,ал бастауыш сыныптары бойынша 300-ден аса ата-аналар балаларының сабағына қатысып қызығушылығын білдірген болатын.Ата-аналарға бұл шара ұнап,оң пікірлерін қалдырды.
#ашықесіккүні
