АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА 📌28.11-08.12.2025ж. аралығында мектебімізде тарих және құқық пәні бірлестігінің “Тарих-өткеннің сабағы, болашақтың көрінісі” тақырыбындағы апталығы өтуде. Апталық бекітілген жоспар бойынша ұйымдастырылуда. 9 “Б” сыныбына “ХХ ғасырдың 40-80 жылдарындағы қазақстандық ғалымдардың ғылымды дамытудағы жетістіктері” тақырыбында тарих және құқық пәні бойынша кіріктірілген ашық сабақ өткізілді. Мақсаты: Тоқырау кезеңінің білім мен ғылымға тигізген әсерін талдау; Тарихи айғақтарды талдау және бағалау негізінде дәйекті қорытынды жасау дағдыларын дамыту. Сабақ барысында оқушылар ЖИ, kahoot платформасы арқылы жеке сәйкестендіру тапсырмасын, “Комикс әдісі” арқылы жұптық тапсырма орындады. Кіріктірілген құқық пәні бойынша “Тілшілер” әдісі арқылы топтық тапсырма орындалды. Академиялық шапка, Нобель сыйлығы арқылы бағалау тиімді пайдаланылды.
Өткізген тарих пәні мұғалімі: Г.Б.Шагамбаева Құқық пәні мұғалімі: А.А.Тайшиева
