Skip to content

АЛТЫН МИКРОФОН – 2025 ПАРОДИЯ САЙЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ. Қандыағаш қаласы…

АЛТЫН МИКРОФОН – 2025 ПАРОДИЯ САЙЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ.

Қандыағаш қаласы №3 мектеп – гимназиясында оқушылардың шығармашылығын дамыту және өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында “Алтын микрофон” пародия сайысы ұйымдастырылды.

Шара барысында қатысушылар танымал әншілер мен өнер жұлдыздарының образын дәл беріп, дауыс, қимыл және сахналық мәдениет бойынша өз шеберліктерін көрсетті.
Шараға арнайы құрметті қонақтарымыз №1 аула клубы вокал үйірмесінің жетекшісі Сарымсақова Жаңылсын Әділгерейқызы, белсенді ұзақ өмір сүру орталығының маманы Султанова Феруза Каримбаевна, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ахметбекова Жұлдыз Тоқтарханқызы қатысты.

Пародия сайысы оқушылардың еркін ойлауын, өнерге деген ынтасын және сахналық тәжірибесін шыңдауға мүмкіндік берді. Шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар мен көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Сайыс қорытындысы бойынша:
🏆Бас жүлде – 8”Б” Томми Кэш “Mi amore”
🥇 орын – 9”Г” Дос – Мұқасан “Той жыры”
🥈 орын – 11”В” Belucci “Хип-хоп”
🥉 орын – 8”В” Күлпәш хикаялары
🥉 орын – 8”Г” Шімән апа “Супер келіншек”
🎗️”Дәл пародия” номинациясы – 8”Е” Шімән апа “Супер келіншек”
🎗️”Креативті пародия” номинациясы – 8”А” Қайрат Баекенов, “Формат” тобы
🎗️”Ең үздік актерлік шеберлік” номинациясы – 9”А” “Комбинация” тобы

Ұйымдастырушылар: ҚББП Ильясова А.Ш, аға тәлімгер Сағындық Ә.Б, ұйымдастырушы педагог Амангелді А.Д.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *