📚 «Әлемнің ғажайып үш тірегі» атты апталықтың ашылуы! 🌟
2025 жылдың 17 ақпан күні математика, информатика және физика пәндері әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Әлемнің ғажайып үш тірегі» атты апталықтың ашылуы өтті!
🔍 Мақсаты:
Жаңа технологиялар мен әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың математика, физика және информатика пәндеріне деген қызығушылықтарын арттырып, білімдерін тереңдету. Сонымен қатар, олардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және пән мұғалімдерінің іс-тәжірибелерімен алмасу.
Апталық аясында жоспар бойынша ашық сабақтар мен қызықты сыныптан тыс іс-шаралар өткізіліп, оқушылар мен ұстаздар арасындағы ынтымақтастық нығайтылды.
📅 Алдағы күндерде көптеген білімді оқиғалар мен жаңа идеялар күтіп тұр!
@mugalzhar_bilim_bolimi
#ӘлемніңҒажайыпҮшТірегі #Апталық #Математика #Информатика #Физика #Білім #Шығармашылық #Ұстаздар #Оқушылар #жаңатехнологиялар
