Skip to content

⚜️Ақтөбеде жастарға арналған гранттық байқау: алты бағытта үздік жобалар іріктеледі…

⚜️Ақтөбеде жастарға арналған гранттық байқау: алты бағытта үздік жобалар іріктеледі

🔸Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасын іске асыру» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиевтің сөзінше, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында өңірде белсенді және шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын іске асыру жоспарлануда.

✅Аталған грант аясында «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес», «Медиа» және «Волонтерлік» бағыттарында үздік деп танылған 20 жобаға 1 300 000 теңгеден грант бөлінеді. Әр бағыттан 3 жоба және қосымша жалпы рейтинг бойынша ең үздік 2 жоба жеңімпаз атанады.

🔸Конкурсқа қатысуға өтінімді 14 жастан 35 жасқа дейінгі Ақтөбе облысының тұрғыны жолдай алады.

🔎 Жобаларды бағалау 9 критерий бойынша 10 балдық жүйемен жүргізіледі. Әділдік пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін үміткерлердің аты-жөні арнайы цифрлық кодпен жасырылып ұсынылады.

🔹Биыл алғаш рет жобаларды сараптауда жасанды интеллект қолданылатын болады.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты бойынша түсіндірме жұмыстары ағымдағы жылдың 19 қазанына дейін жүргізілсе, 20 қазан мен 3 қараша аралығында құжаттар қабылданады.

🌟 Барша жастарды белсенді қатысуға және мүмкіндікті жіберіп алмауға шақырамыз!

Байланыс нөмер : 8 (747) 566 39 58

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *