Ақтөбе облысында «Халық заңгері» республикалық кең ауқымды акциясы өткізілді.
Ақтөбе қаласында өткен іс-шараға облыс прокурорының м.а. Талғат Әлібаев, сондай-ақ прокуратура, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, тегін заң көмегін көрсету, азаматтардың проблемалық мəселелерін жедел жəне білікті түрде шешу, сондай-ақ «Заң мен Тəртіп» идеологемасын ілгерілету.
Іс-шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, ҚР Әділет министрлігі, мемлекеттік билік органдары, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, сондай-ақ Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.
Өңір тұрғындары сотқа дейінгі тергеп-тексеру, азаматтық-құқықтық даулар, адвокаттар мен заңгерлердің қызметтеріне қатысты түрлі сұрақтармен жүгінді.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін жұмыс үш бағытта ұйымдастырылды:
1.Құқық қорғау блогы – қылмыстық және әкімшілік заңнама мәселелері бойынша кеңес беру;
2.Мемлекеттік органдар – әлеуметтік, жер және тұрғын үй құқығы нормаларын түсіндіру;
3.Сараптамалық блок – заңгерлердің, нотариустар мен сот орындаушыларының кеңестері.
Акция қорытындысы бойынша азаматтар көрсетілген тегін заң көмектері үшін алғыстарын білдіріп, мамандардың қолжетімділігін және олардың берген кәсіби кеңестері толғандырған мәселелерді шешуге көмектескенін атап өтті.
#заңментәртіп #заң_мен_тәртіп
