Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес өткен облыстық «Үздік орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – 2025» байқауында БАС ЖҮЛДЕ иеленген әріптесіміз Мухамбетияр Жұлдыз Бердалиевна шын жүректен құттықтаймыз! Ізденіс пен білімнің, парасат пен еңбектің жемісі болған бұл жеңіс – Сіздің үздіксіз ізденісіңіздің, шәкірт тәрбиесіндегі шынайы адалдығыңыздың, кәсіби шеберлігіңіздің жарқын көрінісі.
Сіз әр сабағыңызбен оқушының жүрегіне жол таба білетін, орыс тілі мен әдебиетінің тереңдігін сүйіспеншілікпен жеткізетін, жаңашылдық пен шығармашылықты үйлестіре меңгерген нағыз ұлағатты ұстазсыз.
Әріптес ретінде Сізбен мақтанамыз!
Бұл жетістік – Сіздің биік талантыңыздың, еңбектегі табандылығыңыздың лайықты бағасы.
Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа белестерге жете беруіңізді тілейміз!
Жұлдызыңыз биіктен балқып, еңбегіңіз жанып, абыройыңыз арта берсін! 🌟 Сонымен қатар, Жұлдыз Бердалиевнаға сенім артып, оның кәсіби шеберлігін бағалаған Мұғалжар аудандық білім бөліміне шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Сіздің қолдауыңыз бен сеніміңіз ұстаздардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға, кәсіби биіктерге жетуіне үлкен ықпал етті.
@aktobe_daryn
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@mugalzhar_bilim_bolimi
@bahraman_quanyshuly
@danaibrasheva


