Skip to content

✨“АҚТӨБЕ-МҮМКІНДІКТЕР МЕКЕНІ” ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КӨРМЕСІ✨ Ағымдағы жылдың 19 наурыз күні…

✨“АҚТӨБЕ-МҮМКІНДІКТЕР МЕКЕНІ” ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КӨРМЕСІ✨

Ағымдағы жылдың 19 наурыз күні Ақтөбе қаласында «Ақтөбе-Дарын» ӨҒТҚББО-ның ұйымдастыруымен дарынды және өнертапқыш оқушылардың «Ақтөбе – мүмкіндіктер мекені» атты ғылыми жобалар көрмесі өтті.

Ауқымды шараға республикалық және облыстық ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздары қатысып, өз зерттеулері мен өнертабыстарын көпшілікке ұсынды.

Аталмыш көрмеге қатысқан мектебіміздің жас зерттеушісі 4-класс оқушысы Шораева Айзере көрме аясында облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан Нұрланұлы мен Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Күзембаева Бұлбұл Бейсембайқызына ғылыми жобалар көрмесіндегі жұмыстарды таныстырып, өз зерттеуін ұсынды. Сонымен қатар, ол өз жобасына қатысты ұсыныстарын да ортаға салып, жетекші мамандармен пікір алмасты.
✨Жас дарынымыз Айзере мен ғылымға баулыған жетекшісі Даулетбаева Жұлдызай Мырзағалиқызына ғылыми ізденіс жолында табыс және жетістіктер тілейміз🏆💐
@mugalzhar_bilim_bolimi
@aktobe_daryn

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *