Ағымдағы жылдың 8 желтоқсан күні құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Қандыағаш қаласы №3 мектеп-гимназиясы» КММ-да Мұғалжар ауданы ПБ бастығының бірінші орынбасары полиция майоры Б.І.Ізімов
Мұғалжар ауданы ПБ ЖПҚБ бастығы полиция майоры С.С.Абдировтың қатысуымен 9-11 класс ер балаларымен кездесу өткізілді. Білім алушыларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтары мен міндеттері, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалын , ұсақ құқықбұзушылыққа қандай заң бұзушылықтар жататыны және олар үшін заңмен көзделген жауапкершіліктер жайлы айта келіп, қоғамдық тәртіп бұзған жасөспірімдердің істері сотта қаралатыны, олар үшін ата-аналары заң алдында жауапкершілікке тартылатынын ескертті. Қазіргі таңда қаламызда кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс жасау фактілері жиілеп баратындығын, әсіресе топтық төбелес,суық қару ұстау, ұрлық жасау секілді құқық бұзушылықтың жиі орын алуы туралы айта келіп , құқық бұзған жасөспірімдерге қолданылатын шаралар және заң талаптары бойынша көзделген айыппұлдар мөлшері жөнінде түсіндірді. Тараз қаласында "Кәмелетке толмаған жасөспірімдерді түзету мекемесі" жөнінде бейнеролик көрсетілді. Құқықбұзушылықтың қай кезде де жақсылыққа апармайтыны айтылып, оқушыларды үлгілі болуға шақырды.
@mugalzhar_bilim_bolimi
@bahraman_quanyshuly
@polisia_mugaljar








