Skip to content

Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында 5-сынып оқушыларымен “Қазақ қызының болмысы” атты…

Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында
5-сынып оқушыларымен “Қазақ қызының болмысы” атты қызықты әрі мазмұнды дөңгелек үстел өткізілді.

Бұл шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа қазақ қызының тәрбиесі, инабаттылығы мен мейірімділігі туралы тереңірек түсінік беру, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу болды.

🔹 Талқыланған тақырыптар:
– Қазақ қызының тәрбиесі мен әдебі
– Ұлттық салт-дәстүрдің маңызы
– Заманауи қоғамдағы қазақ қызының рөлі

🔹 Балалардың ой-пікірлері:
Оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, сұрақтарға жауап берді, қазақ қызына тән қасиеттерді атап, ұлттық құндылықтарға деген құрметін көрсетті.

🔹 Тәрбие жұмысының мәні:
Мұндай кездесулер арқылы біз жас буынға ұлттық тәрбиенің қаншалықты маңызды екенін ұғындырамыз. Олар біздің мәдениетімізді сақтап, рухани мұраларды болашаққа жеткізуші ұрпақ екеніне сенімдіміз.
#біртұтас_тәрбие
@jan_ahual_aktobe
@mugalzhar_bilim_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *