Ағымдағы жылдың 30 қаңтар күні Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясында музыка пәні мұғалімдеріне қолдау көрсету, мұғалім мәртебесін көтеру, үздік педагогикалық тәжірибелерді зерттеу, насихаттау және тәжірибесімен алмасу мақсатында " Музыка пәні арқылы оқушылардың қабілетін дамытудың тиімді жолдары" атты тақырыбында аудандық семинар жоғары деңгейде өткізілді.
Мектеп Мәжіліс залында семинардын ашылуы "Жас домбырашылар" оркестірі және "Еркемай"балалар хоры дайындаған өнерлерімен басталды.Аудандық әдістемелік орталығының әдіскері Айтбаева Жанслу Жәдігерқызы семинардың мақсатымен ,бағдарламасымен таныстырып сөз сөйледі. Осы семинарда мектебіміздің жоғары білімді музыка пәні мұғалімдері Акмалаева С.А " Ойқастаған ортеке" , Алинова Д.К "Музыка және форма" тақырыбында ашық сабақтарын жоғары деңгейде өткізіп, №4 музыка пәні муғалімі Садуова А.М "Дәстүрлі ән айту ерекшеліктері" тақырыбында және №1 мектеп музыка пәні мұғалімі Исабекова К.Н. "Музыка сабағы өткізудің тиімді жолдары" атты шеберлік сабақтарын көрсетті.Шара соңында аудандық білім бөлімінің әдіскері Айтбаева Жанслу Жәдігерқызы Алғыс хатпен марапаттады.Аудандық семинарға қатысқан музыка пәні мұғалімдері өз қобдишаларына көп мәлімет алғандарын және кері байланыста жақсы пікірлерін айтты.
@mugalzhar_bilim_bolimi
