Ағымдағы жылдың 24 қазан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастырумен”Абай әлемі”рухани- тағылымдық орталығы салтанатты түрде ашылды.
Қазақтың бас ақыны,ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған оқу-ізденіс алаңында ақын өлеңдері оқылып,кітап көрмесі ұсынылды.Мектеп-гимназияның игі істерінің көш басында жүретін құрметті қонақтары алдында шағын қойылым қойылып,ақынға арнау өлеңдері оқылды.
@mugalzhar_bilim_bolimi
@aqtobe_bilim_basqarmasy