Skip to content

Ағымдағы жылдың 23 қазан күні Қандыағаш қаласының №3 мектеп гимназиясында…

Ағымдағы жылдың 23 қазан күні Қандыағаш қаласының №3 мектеп гимназиясында шығармашылықпен жұмыс жасайтын бастауыш класс мұғалімдерін анықтау және оларға қолдау көрсету, мұғалім мәртебесін көтеру, үздік педагогикалық тәжірибелерді зерттеу, насихаттау және тарату мақсатында «Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2023» байқауының мектепішілік кезеңі өткізілді. Байқау төрт тур бойынша өтті:
1 тур үй тапсырмасы: «Табысты ұстаз» бейнеролигі—1 минут
2 тур шығармашылық жұмыс: «Менің ең үздік сабағым» —15 минут
3 тур Педагогикалық шеберлік минуты:«Сабақ үлгісін қорғау» —10 минут
4 тур «Ситуациялық сұрақтарға жауап» —2 минут
Байқауға бағалау анықтауыштары ескерілді:
-мұғалімнің (оқушыларының) облыстық, республикалық деңгейдегі жетістіктері;
-сабақ жоспарының шығармашылық түрде орындалуы;
-көпшілік алдында сөз сөйлеу мәдениеті;
-педагогикалық әрекетті қорғау шеберлігі;
-уақытты тиімді пайдалану;
-ситуациялық сұрақтарға ұтымды, шапшаң нақты жауап беруі.
Байқауға 6 бастауыш сынып мұғалімі қатысты. Жеңімпаздар бас жүлде, 1,2,3 дәрежелі орындармен, Алғыс хаттармен марапатталды.
Ұзақова А. Ө—Бас жүлде
Абдирахман А.Қ—1 орын
Сейтжапарова Г. Т—2 орын
Купекова Р. А—3 орын
Сарсенова А. У, Атаева С.Ж Алғыс хаттармен марапатталды
@mugalzhar_bilim_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *