Skip to content

Ағымдағы жылдың 14 қазан күні Ұлдар клубының жоспарына сай «Нағыз…

Ағымдағы жылдың 14 қазан күні Ұлдар клубының жоспарына сай «Нағыз ер жігіт қандай болу керек?» тақырыбында пікірлесу сабағы ұйымдастырылды. Іс-шараға орта буын ер балалары мен клуб жетекшісі Ж.Салиев қатысты.
Пікір алмасу барысында оқушылар «ер жігіт» түсінігін қалай қабылдайтындарын айтты. Жауапкершілік, батылдық, сөзінде тұру, өз отбасына, еліне адал болу сияқты қасиеттер кеңінен талқыланды.
Клуб жетекшісі өмірлік мысалдар келтіре отырып, ер бала тәрбиесінің маңызын түсіндірді. «Мен қандай жігіт болғым келеді?» тақырыбында шағын ойтолғау айтылып, жеке ойлар ортаға салынды.
Нәтиже:
Орта буын оқушылары ер азамат болудың үлкен жауапкершілік екенін түсінді. Пікірлесу барысында өз бойындағы жақсы қасиеттерге мән беріп, кемшіліктерімен жұмыс жасауға дайын екендерін білдірді.
Өткізген: Ұлдар клубының жетекшісі Ж.Салиев
@mugalzhar_bilim_bolimi
@adal_azamat_aqtobe
@jan_ahual_aktobe

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *