Skip to content

Ағымдағы жылдың 13 қазан күні 10 “б” сыныбында “Болашаққа ұмтылу:…

Ағымдағы жылдың 13 қазан күні 10 “б” сыныбында “Болашаққа ұмтылу: Балаңызға өз әлеуетіне жетуге қалай көмектесуге болады?” тақырыбында ата-аналарды педагогикалық қолдау сабағы өтті. Бұл ата-аналарға баланың тұлғалық, эмоционалдық және интеллектуалдық дамуына қолдау көрсету жолдарын ұсынатын педагогикалық-кеңес беру бастамасы.
Мақсаты:
Ата-аналарды баланың жеке қабілеттері мен қызығушылықтарын анықтауға және дамытуға белсенді қатыстыру;
Балаға мотивация мен өзіндік сенімділік қалыптастыруда ата-ананың рөлін күшейту;
Бала мен ата-ана арасында сенімді, қолдаушы қатынас орнатуға ықпал ету;
Ата-аналарды заманауи тәрбиелеу әдістерімен және тиімді қолдау құралдарымен таныстыру;
Баланың өз әлеуетіне жету жолында бағыт-бағдар бере алатын отбасы ортасын құру. Ата-аналар белсенді қатысып, берілген кеңестерге өз ойларымен айтып, белсенді қатысты.
@mugalzhar_bilim_bolimi
@jan_ahual_aktobe
@adal_azamat_aqtobe

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *