Ағымдағы жылдың 11 қазан күні өткен қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша республикалық “Ақберен” байқауының аудандық кезеңінде “Эссе жазу” бағыты бойынша 9-класс оқушысы Зәкірова Сымбат жүлделі І орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды, жетекшісі Идирисова А. “Ақындар мүшайрасы” бағыты бойынша10-класс оқушысы Айболатқызы Ақбота ІІІ орын, жетекшісі Абдреймова А, “Ұлттық аспапта өнер көрсету” бағыты бойынша 10-класс оқушысы Бекболатұлы Жанарыс ІІ орын, жетекшісі Жолымбетова С, “Шешендік, білгірлік “ бағыты бойынша 8-класс оқушысы Бақытқалиева Гүлбақыт Мақтау қағазы, жетекшісі Жанекешова Б, “Көркемсөз оқу” бағыты бойынша 11-класс оқушысы Ілияс Мерлан Мақтау қағазымен марапатталды. Жеңімпаз оқушылар мен жетекшілерін құттықтаймыз💐💐💐
@mugalzhar_bilim_bolimi

