Skip to content

Ағымдағы жылдың 05.03-15.03 аралығында “Сұлулығы әлемнің өрнектелген өнермен” атты өнер…

Ағымдағы жылдың 05.03-15.03 аралығында “Сұлулығы әлемнің өрнектелген өнермен” атты өнер кафедрасының онкүндігі аясында,
«Ұлттық қолөнер-халық қазынасы» атты шығармашылық қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты: оқушыларды көркем шығармаға баулу арқылы, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бар мүмкіндіктерді ашу.Қолөнер және бейнелеу өнері саласындағы дарынды оқушыларды анықтау.
Көрмеде 11-15 жас аралығындағы оқушылары салған суреттер мен туындылары ұсынылды.Олар бала қиялындағы ойға түйген дүниелерін қыл қалам арқылы әзірлеп, өз жұмыстарын ұсынды.Көрмеге 60 -қа жуық нобайлар мен кескіндеме туындылары , тоқыма бұйымдары,ағаштан жасалған бұйымдар,жіппен бейнелеу жұмыстары қамтылды.
Көркем туындылардың тақырыбы дәстүр мен мәдениетке, туған жерге деген сүйіспеншілікке толы.Аталған көрмеге шығарылған жұмыстар ,мектеп – гимназия директоры мақтау қағаздарымен марапатталды.
Ұйымдастырған : Мүти І.,Айбосынова Г.,Алшағыров Т.
@mugalzhar_bilim_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *