Skip to content

Ағымдағы жылдың 01 қараша күні өткен «Цифрлы мұғалім-тірек мектеп-жетістіктер алаңы…

Ағымдағы жылдың 01 қараша күні өткен «Цифрлы мұғалім-тірек мектеп-жетістіктер алаңы » атты аудандық семинар барысында қатысушыларға “Жасыл мектеп” жобасы аясында жасалып жатқан жұмыстар көрсетілді. Мектебіміздің жас блогері Томирис оқушымыз жоба жұмысын таныстырып, мектебіміздегі тынымсыз жұмыс нәтижесі: қияр, қызанақ, болгар бұрышы, цитрустық жемістерді көрсетті. Сонымен қатар осы өсімдіктерді өсіру барысы, күтіп-баптау жөнінде ақпарат берілді. «Жасыл мектеп» жобасы аясындағы тәжірибемізбен бөлісіп, қатысушы ұстаздарға жаңа бастамаларға жол аштық деген ойдамыз. Ұйымдастырушы: Жаратылыстану пән бірлестігі
@mugalzhar_bilim_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *