АДАЛ АЗАМАТ: ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП ОҚУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖИЫН
Қандыағаш қаласының орталық стадионында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Адал азамат: Заң және тәртіп» тақырыбында өткізілген шараға Қандыағаш қаласы №3 мектеп – гимназиясының ер балаларының қатысуымен сұхбаттасу алаңы, квест ойыны өткізілді.
Жастардың бойына адалдық пен адамгершілік, жауапкершілік пен құқықтық сауаттылық сияқты асыл қасиеттерді сіңіруді көздейтін бұл тәрбиелік шараға аудан әкімі Дархан Ермағанбетов қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар аудандық сот төрағасы, көлік прокуроры, полиция бөлімінің бастығы және басқа да сала басшылары жастарға заң мен тәртіп жобасының мән-маңызын түсіндіріп, ақпараттық мәліметтер берді.
Квест барысында оқушыларға түрлі бағыттағы ойындар ұсынылып, олар өздерінің білімдері мен ұйымшылдығын көрсетті. Қатысушылар адалдық пен достықты, ынтымақ пен бірлікті дәріптеді.
Шара соңында жеңімпаз және жүлдегер атанған командалар ұйымдастырушылар тарапынан марапатталды.
@mugalzhar_bilim_bolimi
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@oqu_agartu_ministrligi
@polisia_mugaljar
@mugaljar_qorqanys_bolimi
@mugaljar_audan_prokuraturasy
@bahraman_quanyshuly
@danaibrasheva