МЕКТЕПШІЛІК БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.
Қандыағаш қаласы №3 мектеп – гимназиясының тәрбие жұмыстарының тиімділігін арттыру, оқушылардың үлгерімі мен тәртібін бақылау мақсатында тәрбие ісі жөніндегі орынбасары тарапынан мектепішілік бақылау жұмыстары жүргізілді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Отаралин және Мұғалжар ауданы ПБ ЖПҚб аға учаскелік инспекторы, полиция майоры Р.Бердіғожаев және мектеп әкімшілігі бақылау жұмыстарына қатысты.
Бақылаудың негізгі бағыттары оқушылардың сабаққа қатысуын күнделікті тексеру, себепсіз қалуларын болдырмау, күнделік, сынып журналдары, сынып жетекшілердің тәрбие жоспары мен іс-шараларының орындалуын қарау, мектеп ережесін сақтауын, киім үлгісін, әдеп нормаларын қадағалау, құқықтық сауаттылығын арттыру, тәртіп бұзушылық фактілерін болдырмау болып табылады.



