ЖАС МАМАНДАР АРАСЫНДА “QUIZ” ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
«QUIZ» интеллектуалдық сайысы – жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, жан-жақты білімін шыңдау, топпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
Сайыс барысында қатысушылар түрлі тақырыптағы (ғылым, тарих, өнер, спорт, салалық бағыттар) сұрақтарға жауап беру арқылы білімін, тапқырлығын және шапшаңдығын көрсете білді.
Сайыстың қорытындысы бойынша:
🥇 орын – МИФ командасы (математика, информатика, физика бірлестігі)
🥈 орын – Салауат командасы ( дене шынықтыру пәні бірлестігі)
🥉 орын – Power Puff командасы (ағылшын пәні бірлестігі)
Сайыс ұйымдастырушылары: Р.Отаралин, А.Амангелді, М.Садуақасов.
