Skip to content

🛡 Баланы буллингтен қалай қорғауға болады? Егер балаңыз: 🔘 Еш…

🛡 Баланы буллингтен қалай қорғауға болады?

Егер балаңыз:

🔘 Еш себепсіз мектепке немесе сабаққа барғысы келмесе;

🔘 жиі басының не ішінің ауырғанын айтса;

🔘 оқуға және үйірмелерге қызығушылығы болмаса;

🔘 үйге сынған немесе жоғалған заттармен қайтып келсе;

🔘 тұйық, мазасыз, үндемейтін болып кетсе;

🔘 мектеп, сыныптастары туралы әңгімеден қашқақтаса;

🔘 қорқып, күдіктеніп, мінезі күрт өзгерсе – бұған міндетті түрде назар аударыңыз.

Баланы қолдау маңызды

🔘 Тыңдаңыз және сеніңіз. Мәселе сізге ұсақ-түйек болып көрінсе де, бала үшін ол өте маңызды болуы мүмкін.

🔘 Ашық сөйлесіңіз. “Мектепте өзіңді қалай сезінесің? Сені мазалайтын мәселе бар ма?” деп сұраңыз.

🔘 Өзін-өзі бағалауды нығайтыңыз. Балаңызды қолдап, жетістіктерін айтып отырыңыз.

🔘 “Жоқ” деп айтуға үйретіңіз. Жеке шекарасын қорғай білуді дамытыңыз.

🔘Сенім орнатыңыз. Бала ата-анасының әрдайым оның жағында екенін білуі тиіс.

🔘 Балаңызбен достық, құрмет және ізгілік туралы сөйлесіңіз.

🔘 Сезімталдыққа үйретіңіз: әділетсіздікке тап болған кейіпкерлер жайлы кітаптар мен фильмдерді бірге талқылаңыз.

🔘 Агрессивті контентті шектеп, интернет ортасын бақылап отырыңыз.

🔘Үлгі болыңыз. Отбасыда дөрекілік пен кемсітушілікке жол бермеңіз.

✅ Есіңізде болсын: буллингтің салдарымен күрескеннен гөрі, оның алдын алу әлдеқайда жеңіл. Ең маңыздысы – отбасының қолдауы және ата-ана мен бала арасындағы сенім.

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *