2025 жылдың 28 тамыз күні «Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясы» КММ-де «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізілді. Салтанатты шараға Мұғалжар аудандық білім бөлімінің әдіскері Дүйсенғали А.А, «Қадірәлі ата» мешітінің бас имамы Турсынкулов Н.Қ. «Мұғалжар» аудандық газетінің тілшілері қонақ ретінде қатысты.
Шараны мектеп-гимназия директоры Ибрашева Данагүл Дулатқызы ашып, акцияның маңыздылығана тоқтала отырып, ата аналар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады.
Жаңа 2025-2026 оқу жылына дайындау барысында жекелеген санаттағы 114 оқушыларға 46 228 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.
Бүгінгі акцияға қатысып отырған әлеуметтік жағдайы төмен, ата анасының қамқорынсыз қалған, көпбалалы отбасылардың балаларына көмек көрсетіліп отыр. Жалпы 65 оқушыға 1 миллион теңгеден астам көлемінде демеушілік көмек көрсетілді.
Оларға қажетті оқу құралдары, мектеп сөмкелері, мектеп формалары мен спорттық киім, аяқ киімдер табысталды.
Биылғы жылы қайырымдылық акциясына демеушілік көрсеткен «Қадірәлі ата» мешітіне, «Маки Маки» кафесіне, «Атамекен» кәсіпкерлер палатынының Мұғалжар аудандық филиалына және мектеп-гимназия педагогтарына алғысымызды білдіреміз. Сіздердің мейірімдеріңіз бен қолдауларыңыз балалардың жүрегіне қуаныш, жүздеріне күлкі сыйлады.
Жаңа оқу жылы барша шәкіртке табыс пен сәттілік әкелсін!
@mugalzhar_bilim_bolimi