“Еңбек түбі- береке” тақырыбындағы Еңбек күніне арналған шара “Қандыағаш қаласының N3 мектеп- гимназиясы” КММ-нің 8-10 класс оқушыларымен өткізілді. Білім алушылар мектебіміздің белсенді ата- анасы Наранбаев Тахир Абдихановичтің жылыжайына барып, бау- бақшаны егу әдіс- тәсілімен танысты. Үлкен еңбектің арқасында мақсатқа жету жолын көрсете білген қария еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндірумен қатар,еңбек жасай білу дағдыларын дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу отбасынан басталатынын атап өтті. Кездесу аяғында қария батасын беріп, жеміс- жидектерін ұсынды.
@mugalzhar_bilim_bolimi
