Түнгі рейд – тыныштықтың кепілі
Ағымдағы жылдың 18-19 мамырында оқушылар арасындағы құқық бұзушылық пен білім алушылардың түнгі мезгілде заңды өкілінсіз жүруі сонымен қатар қылмыстылықтың алдын алу мақсатында №3 мектеп-гимназиясы түнгі рейд жұмыстарын ұйымдастырды.
Түнгі рейдке мектеп инспекторы Е.Нұралы және мектеп-гимназиясының ер мұғалімдері Достық мөлтек ауданындағы көшелерді, жастар жиі шоғырланатын ойын-сауық орталықтарымен дүкендерді аралап, мейрамханаларды аралап қатаң бақылау жасады.
Рейд барысында жасөспірімдердің құқықбұзушылық және басқа да келеңсіз жайттар орын алған жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.