Skip to content

Қаралы хабар Қандыағаш қаласындағы №3 мектеп-гимназия ұжымы орны толмас қайғыны…

Қаралы хабар

Қандыағаш қаласындағы №3 мектеп-гимназия ұжымы орны толмас қайғыны ауыр күйзеліспен қабылдай отырып, 2023-2024 оқу жылының түлегі, ардақты шәкіртіміз Қырымов Дамир Амангелдіұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Дамир 2006 жылдың 29 қарашасында дүниеге келіп, мектебіміздің гимназия сыныбын табысты аяқтады. Ол біліммен қатар спортты да серік етіп, әсіресе волейболдан аудандық, облыстық, тіпті республикалық деңгейдегі додаларда жүлдегер атанып, мектебіміздің абыройын асқақтатты. Әркез ізеттілігімен, адамгершілігімен, алғырлығымен ерекшеленіп, ұстаздар мен достарының жүрегінде өшпес із қалдырды.

Бейбіт күнде ерте қиылған ғұмыр – бәріміз үшін үлкен қасірет. Жарық жұлдыздай жарқ етіп сөнген Дамирдің жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады.

Иманы саламат, жаны жәннатта болсын.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *