Ұстаздық — ұлы іс, ерлікпен ұштасқанда — өнеге!
7 мамыр — Отанқорғаушылар күніне орай мектебімізде ерекше мерекелік шара ұйымдастырылды. Бұл жолы мерекенің құрметті қонақтары — ер мұғалімдеріміз болды.
Әріптестерімізге деген алғысымызды білдіру мақсатында ұстаздар қауымы концерттік бағдарлама ұсынып, көңілді ойындар мен жылы лебіздерге толы кеш өткізді. Ер мұғалімдерімізге арнайы марапаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Шара ұстаздар арасындағы ынтымақты нығайтып, ұрпақ тәрбиелеудегі ер азаматтардың орны бөлек екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Қымбатты әріптестер! Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, және отбасы амандығын тілейміз!
