Skip to content

Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат! Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 80…

Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат!

Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 80 жыл толып отыр. Бұл – қанмен, көз жаспен келген, әрбір жанұяның жүрегінде із қалдырған Ұлы Жеңіс!

Миллиондаған азамат майдан даласында ерлікпен шайқасса, мыңдаған ана мен бала тылда тынымсыз еңбек етті. Солардың бірі – қазақтың қайсар қыздары мен аналары. Олар майданға ұлдарын шығарып салып, өздері ауыр еңбекті арқалап, елдің еңсесін түсірмеді. Қарапайым әйелдер – ұлттың рухын сақтап қалған шынайы батырлар!

Осы орайда Қандыағаш қаласындағы №3 мектеп-гимназиясының ұстаздарынан құралған хор ұжымы «Аналар балладасы» әнін орындап, соғыс жылдарындағы аналар рухына тағзым етті. Бұл ән – қатыгез уақытпен бетпе-бет келгенде сынбай, төзімділік пен сенімнің үлгісін көрсеткен қазақ әйелдеріне арналған Ұлы құрмет!

Бейбіт күннің әр сәті – сол ерлік пен еңбекке деген алғыс.
Баршаңызды Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!
Елімізде мәңгілік тыныштық, халқымызда бірлік пен бақ-береке болсын!

#ҰлыЖеңіс80жыл
#ЖеңісКүні2025
#АналарРухынаТағзым
#Қандыағаш
#№3мектепгимназия
#МәңгілікЕл

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *