Қандыағаш қаласының # 3 мектеп-гимназиясының 8 «Б» класс оқушылары 7 мамыр-Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр-Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Ақтөбе қаласындағы 5-ші мөлтек ауданында орналасқан Мәңгілік алауға барып, батыр бабалардың ескерткішіне тағзым етіп гүл шоқтарын қойды.
Осы сапар кезінде оқушылар Кеңес Одағының екі мәрте Батыры генерал-майор Талғат Бигелдинов атындағы Әуе Қорғаныстар күштері әскери институтына барып танымдық экскурсия жасады. Бұл Орталық Азиядағы авиация үшін офицерлік кадрлар даярлайтын жалғыз оқу орны.Экскурсия барысында оқушылар оқу аудиторияларында орналасқан ұшақ қозғалтқыштарының құрылысымен,әскери ұшақтардың түрлерімен танысты. Ерекше әсер қалдырған- Т.Бигельдинов атындағы әскери-тарихи мұражай . Бұл мұражайда оқушылар тарихи экспонаттармен ,осы институттың қабырғасында білім алған ұшқыштар туралы мағлұмат алды.Оқушылар Т.Бигелдиновтың рухына тағзым жасап гүлшоқ қойды.
Сынып белсенділері А.Дүйсенғали мен Д.Мұхамбет институт қызметкерлеріне өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдіріп,алғыстарын айтты. Бұл сапардың мақсаты : оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу,патриоттық рухын көтеру,өз Отанына,өз тарихына сүйіспеншілігін арттыру
@mugalzhar_bilim_bolimi
#ұлыжеңіс80жыл
#әскериәуеқорғаны
