Skip to content

Ағымдағы жылдың 13 қазан күні Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Мұқанов…

Ағымдағы жылдың 13 қазан күні Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Мұқанов Сансызбай Қалмырзаұлы «Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясы» КММ-да құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 9-11 кластың ер балаларымен және олардың ата-аналарымен кездесу өткізді. Шара барысында мектеп-гимназия директоры Ибрашева Данагүл Дулатқызы мектепте құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша баяндама жасады. Баяндамасында мектепте жалпы саны 1926 оқушы білім алып жатқандығын, оның 988-і ер бала екенін , сондай-ақ ер балалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша «Даналық» мектебі мүшелерінің, әкелер қауымының қатысуымен тағылымы мол шаралар, сұхбаттар, кездесулер өткізілетіндігін мәлімдеді. Мұғалжар аудандық білім бөлімінің басшысы Аманжол Бахраман Қуанышұлы оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың, келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстарға тоқталып, оқушыларға сапалы білім алуға, тәртіпті болуға, жауапкершілікті сезінуге шақырды. Мұғалжар Мұғалжар ауданы полиция бөлімнің бастығы, полиция подполковнигі Бекжан Данияр Мұхамбетқалиұлы кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің қатысуымен жиі жасалатын қылмыстар туралы статистикалық мәліметтер келтіріп, құқық бұзған жағдайда қолданылатын шаралар мен жазалар туралы баяндады. «Даналық» мектебінің мүшесі, белсенді ақсақал Т. Нарынбаев ата-аналарға бала тәрбиесіне көңіл бөлу қажеттігін айтып, шара ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Ауданы әкімінің орынбасары Мұқанов Сансызбай Қалмырзаұлы білім алушыларды тәрбиелі, үлгілі болуға шақыра отырып, келелі кеңестер берді.
@mugalzhar_bilim_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *