🇰🇿ЖАС САРБАЗ – 2023🇰🇿
🇰🇿 Қандыағаш қаласының № 3 мектеп-гимназия” КММ бойынша “25 қазан – Республика күніне” орай,Салтанатты түрде мереке атап өткізілді.Мерекелік іс-шарада оқушылар өз өнерін көрсетті.Мерекелік іс-шара “Жас Сарбаз – 2023” аудандық әскери-патриоттық сайыспен өз жалғасын тапты.
🔹Сайыстың мақсаты: Оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу.
🔷Сайыс 3 кезеңнен өткізілді:
1️⃣АК-74 автоматын уақытқа шашу
2️⃣Гимнастикалық аппарат (Турникке тартылу) ер балдарға уақытқа
3️⃣Ішке жаттығу пресс қыз балдарға уақытқа
Сайысқа арнайы Қандыағаш қаласында орналасқан 5 мектеп пен Ембі қаласының 7 ЖББОМ және де ауылдық округтердер Сағашиелі,Басшиелі,Ақкемер,Жұрын мектеп оқушылары қатысқан болатын.Кезеңдердің жалпы есебін қортындылай келе:
Жүлделі 🥇 орынға Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназия командасы
Жүлделі 🥈 орынға Ақкемер ЖББОМ командасы
Жүлделі 🥉 орынға Ембі қаласының №7 ЖББОМ ие болды.Жүлделі орынға иеленген оқушылар салтанатты түрде марапатталды.Келе жатқан “25-қазан Республика күні” мен құттықтаймыз!Еліміздің туы әрқашанда биікте шарықтай берсін!🇰🇿
#РеспубликакүніАқтөбе2023
@mugalzhar_bilim_bolimi