Қандыағаш қаласының «№3 мектеп –гимназия» КММ-нің кітапхана меңгерушісі Г.К. Транова мен кітапханашы Ж.Д.Емжарованың ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Бір отбасы- бір кітап» акциясы өткізілді. Акцияға 1-4 сыныптар қатысты.
Акцияның мақсаты: отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғырту, оқырмандардың жан дүниесінде рухани ізгілікті қалыптастырып, ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты дамыту,оқырман отбасын анықтау.
Балаларды кітап оқуға тартуға әсер ететін ең маңызды әрі басты институт ол – отбасы. Балалардың кітап оқуға деген көзқарасы, олардың оқырмандық мәдениетінің артуы көп жағдайда отбасындағы ересектерден алған үлгіге байланысты екеніне ата- ананың көзін жеткізу.
@mugalzhar_bilim_bolimi
