"Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясы" КММ
МАД "А", МАД" Д", МАД "Е" кластары.
Бүгін 18 қараша күні ата-аналармен "Өнер-көзі халықта" тақырыбында қолөнер бұйымдарының көрмесі өткізілді. Мақсаты: қазақтың қолтума сәндік қолөнер бұйымдарын насихаттау, ұлттық құндылықты дәріптеу.
Қатысқан ата-аналар өздерінің жасаған қолөнер туындыларын көрсетіп, жасалу жолдарын түсіндірді. Іс-шара өте керемет деңгейде өтті. Бұл өнерді бағалау құзыры "Даналық" әжелер мектебінің мүшесі анамыз Тлегенова Зәуреш Сәулебайқызы және мектебіміздің ұстазы Бердібаева Жадыра апайда болды. Жақсы жасалған жұмыстар марапатталды.
Ұйымдастырған тәрбиешілер: Толекова Л. М
Қожанова А. Е және Сулейменова Ұ. Ғ
@mugalzhar_bilim_bolimi
