Skip to content

“Ата-аналарды педагогикалық қолдау” орталығының бағдарламасы бойынша 1-4 класс ата-аналары үшін…

“Ата-аналарды педагогикалық қолдау” орталығының бағдарламасы бойынша 1-4 класс ата-аналары үшін “ Білімдіге дүние жарық” тақырыбында педагогикалық тренинг өткізілді.
Мақсаты: мектептің оқу процесіне сәтті бейімделуі үшін балалардың когнитивтік дағдыларын дамытуға ата-аналардың дайындығын қалыптастыру. Ата-аналар 4 топқа бөліп топтық тапсырмаларды орындады. Ата-аналарға баланың мектепке бейімделу үдерісінде маңызды рөл атқаратыны жайлы түсінік берілді. “Сәлемдесу”, “Кедергілер”, “Сиқырлы сөздер”, “Тез, жылдам қимылда” тақырыбында тренингтер жүргізілді. “ Жарық” әдісі арқылы ата-аналарға оқушылардың білімге құштарлығын арттырып, қызығушылықтарын ояту мақсатында жүргізіліп, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Шара соңында ата-аналар “Бағдаршам” әдісі арқылы кері байланыс жасалып, ата-аналардан сауалнама алынды. Ата-аналар белсене қатысты.
Өткізгендер: Б.Беркімбаева, Г.Аманжолова, Н.Сарсенғали
@mugalzhar_bilim_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *