ҮЙІРМЕЛЕР АПТАЛЫҒЫ “Welcome to Үйірме” ашылу салтанаты.
Ағымдағы жылдың 21 қараша күні мектеп мәжіліс залында,іс-шаралар жоспарына сәйкес “Үйірмелер жәрмеңкесі” атты апталықтың ашылуына байланысты “Welcome to Үйірме” атты концерттік бағдарламасы өткізілген болатын.
Ашылу салтанатында,үйірме жетекшілерінің қолөнер жұмыстары көрме ретінде көрсетіліп,апталық аясында жоспарлы түрде өткізілетін сабақ бағдарламалары таныстырылған болатын.Арнайы апталықтың ашылуына үйірме жетекшілерінің шәкірттері өз өнерлерін көрсетті және де директордың әдістемелік жұмыстары бойынша орынбасары Мукатова Луара Муратовна сөз сөйлеп , апталық аясында сабақ өткізетін ұстаздарға сәттілік тіледі.
@mugalzhar_bilim_bolimi