Мұғалжар аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес 2023 жылдың 13 қазанында аудандық білім бөлімінің әдіскері мен тірек мектебінің ұстаздары магниттік Елек негізгі мектебіне барып, мұғалімдері мен оқушылармен кездесті. Кездесу барысында математика сабағында оқушылардың креативті ойлауын дамытуға арналған тапсырмалар, химия пәнінен химиялық модельдеу, физикадан микроскоппен жұмыс, биологиядан магниттер тақырыбы бойынша микролаборатория, ағылшын тілі пәнінен грамматикалық тақырыптарды ойын арқылы қайталау жұмыстары жүргізілді. Дөңгелек үстел басында ұстаздар алдағы уақытқа бірлескен шара жоспарлады.
@mugalzhar_bilim_bolimi
