"Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясы" КММ-нің мектепалды даярлық " Е " класы мен шағын орталық "Балдәурен", " Балбөбек " топтарының бірігуімен кезекті жұмалық тәрбиелік сағаты "Сөз атасы-сәлем " тақырыбында өтті. Мақсаты: баланы кішкентайынан сыпайылыққа, әдептілікке тәрбиелеу, үлкенді сыйлауға баулу. Іс-шараны керемет жылулық шеңберімен мектебіміздің музыка пәнінің мұғалімі Данагүл апай ашып берді. Ары қарай тәрбиешілер балаларға сәлемдесудің қаншалықты маңыздылығын түсіндіріп, амандасу түрлерін көрсетті. Жаны ізгілікке, адамгершілікке толы ұрпақ тәрбиелеп шығару біздің міндетіміз.
Ұйымдастырған тәрбиешілер: Саршолақова К. Т, Наурызбаева М. Б, Толекова Л. М
@mugalzhar_bilim_bolimi
