2023_2024 оқу жылының 27 қараша – 01 желтоқсан аралығында тірек мектеп ұстаздары жоспар бойынша магнитті мектеп оқушыларына онлайн сабақ өткізді. Математика пәні мұғалімі М.У.Елманова "Дәрежелік функция, оның қасиеттері мен графигі", "Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу", "Квадрат үшмүше", "Геометриялық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы", "Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу", "Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану " тақырыбында сабақ өткізді. Г.Т.Айтимбетова физика пәнінен "Тартылыс құбылысы және ауырлық күші", "Электр зарядының сақталу заңы. Кулон заңы, элементар электр заряды", "Ньютонның үшінші заңы", "Термодинамиканың бірінші заңы", "Қазақстандағы байланыс құралдары. Жоғары жиілікті электромагниттік толқындардың биологиялық әсері және олардан қорғану" тақырыптарында сабақ өткізді. Химия пәнінен Г.С.Ибраева "Изотоптар", "Отынның жануы және энергияның бөлінуі", "Металдар және құймалар", "Химиялық тепе-теңдік. Химиялық тепе-теңдікке әсер ететін факторлар", "Ферменттер ролі және қолданылуы. ДНК және РНК құрылымы. #6 зертханалық тәжірибе ДНК моделін жасау" тақырыптарында сабақ өткізді. Биология пәнінің мұғалімі М.С.Тажимбетова "Жапырақтың құрылысы мен қызметі. Жапырақтың ішкі құрылысы. Лептесік.", "Қан топтары және қан құю. Резус-фактор", "Тірі ағзалардың бөліп шығару өнімдері", "Энергетикалық алмасу кезеңдері", "Сперматогенез бен олгенездің айырмашылықтары" тақырыптарында сабақ өткізді. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ф.Б. Домбаева "Prepositions: movement p.50 (across, around, down, etc.)", "Adjectives: personality p.44", "Morals p.p.44-45", "Progress check", "Modals: present and future" тақырыптарында сабақ өткізді. Сабақтың барлығы да презентациямен түсіндірілді. Сабақ барысында BilimLand, Wordwall платформалары қолданылды.
#тірекмектеп
@mugalzhar_bilim_bolimi
