Skip to content

2023-2024 оқу жылының 4-8 желтоқсан аралығында тірек мектебінің ұстаздары оқу…

2023-2024 оқу жылының 4-8 желтоқсан аралығында тірек мектебінің ұстаздары оқу жоспарына сәйкес магнитті мектеп оқушыларына онлайн сабақтарын өткізді. Математика пәні мұғалімі М.У.Елманова презентация арқылы жаңа сабақ түсіндірді. Сабақ барысында есептер шығарып, оқушылар кері байланысқа шығып отырды. Физика пәнінің мұғалімі Г.Т.Айтимбетова сабағында BilimLand платформасын тиімді пайдаланды. Bilim Class платформасында синхронды түрінде сабақ өткізді. Химия пәнінің мұғалімі Г.С.Ибраева сабақ барысында зертханалық жұмыс өткізді. Сонымен қатар сабақта есептер шығару алгоритмі түсіндіріліп, бекіту тапсырмалары орындалды. Биология пәнінің мұғалімі М.С.Тажимбетова сабағында Wordwall платформасын тиімді қолданды. Оқушылар сабақта белсенділік танытты. Ағылшын пәнінің мұғалімі Ф.Б.Домбаевасабағын презентациямен түсіндірді. Сабақ барысында өзіндік жұмыс тапсырмалары беріліп, Quiz тапсырмаларын орындатты. Ұстаздар сабақты өткізу барысында АКТ құралдарын тиімді пайдаланды. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, кері байланысқа шығып отырды.
#тірекмектеп
@mugalzhar_bilim_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *