2023 жылдың 8 желтоқсан күні “Ата-аналарды педагогикалық қолдау” орталығының бағдарламасы бойынша 1-4 сынып ата-аналары үшін “Әрбір бала-жарық жұлдыз” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: ата-аналардың темпераментін,мәдине дәстүрлерді және мұғалімдермен өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін ескере отырып, өз баласының ерекше қырларын ашуға дайындығын қалыптастыру. Ата-аналармен “ Мыналар орнын ауыстырады…” жаттығу ойыны жүргізілді. “Мені көзімнен тан” әдісі өткізілді. Ата-аналардың өз баласының ерекше жақтарын дамыту үшін қандай әрекеттер жасайсыз? тақырыбында ата-аналарға әртүрлі жағдаяттар берілді. “Қол соғу” ойыны арқылы ата-аналармен пікір алмасылып, өз ойларымен бөлісті. Шара соңында “Ақ жауын-ақтілек” әдісі арқылы кері байланыс жасалды.
Өткізгендер: Аманжолова Г. Б Бекпанова А






