Skip to content

2023 жылдың  желтоқсан айының  11  күні   5-9 класс ата -…

2023 жылдың  желтоқсан айының  11  күні   5-9 класс ата – аналары үшін «Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер. Өз балаңыздың кілтін қалай табуға болады? » тақырыбында  тренинг сабақ өткізілді. Мақсаты: ата-аналардың жас дағдарысы кезінде жасөспіріммен үйлесімді қарым-қатынас орнату қабілетін дамыту. Ата-аналармен сергіту жаттығуы жасатылды. Ата-аналарға жас дағдарысы бойынша ақпарат берілді. Оның ішінде 11,13 жас дағдарысы ол кездегі оқушылардың мінез-құлқындағы өзгерістер, басқалармен қарым-қатынастары туралы түсіндірілді. Ата-аналарға бұрынғы кездегі 13 жас яғни мүшел жас пен қазіргі кездегі «жасөспірімдік кезеңнің »  айырмашылығы айтылды. Ата-аналарға «Мүшел жас» бейнеролигі көрсетіліп, өз пікірлерімен бөлісті. Кейс тапсырамсы беріліп, кейсті талқылып, ойларымен бөлісті. Ата-аналармен жұптық жұмыс «Келіссөздер »  жаттығуы жасатылды. Жаттығуда ата-аналар бала , ата-ана рөлінде болып, жағдаяттарды  рөлдерге бөліп орындады
Өткізген: психолог Уразалина М. Б
Марат Л
@mugalzhar_bilim_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *