"Оқуға құштар мектеп" және "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында Қандыағаш қаласы № 3мектеп-гимназия КММ-нің кітапханашысы Ж.Д.Емжарованың ұйымдастыруымен 15 желтоқсан күні "Тәуелсіздік-таң нұрым" тақырыбында 7"в" сынып оқушыларымен дөңкелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің Құрметті қонағы болып ЖЕЛТОҚСАН оқиғасының кәугері, мектебіміздің мақтанышы, үлгілі ұстаз – Жолдасова Гамзат Айтжанқызы шақырылды. Ақтөбе Облысының желтоқсаншылары "Желтоқсан жаңғырығы" атты кітапқа енген және Желтоқсанның 35 жылдығына медальмен марапатталған ұстазымызға, тәлімі мол кездесуде оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, жүрек жарды тілектерін білдіріп, алғыстарын айтты. Кеш қонағы өз әңгімесімен бөлісіп, өскелең ұрпаққа тәуелсіздік туралы сыр шертті.
Мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау;
Желтоқсан көтерілісін көзбен көрген, тарихи оқиғаға куә болған адамдармен кездесе отырып, жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру;
@mugalzhar_bilim_bolimi
