"Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясы" КММ
"Тәуелсіз елдің ұланы" тақырыбында МАД және шағын орталық топтарында балаларға 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне орай ашық тәрбие сағаттары жүргізілді. Мақсаты: Біртұтас тәрбие қалыптастыру бағдарламасы аясында балаларға Тәуелсіздік күні жайлы түсінік беру, Отанды қастерлеуге, ұлтжандылық пен патриоттыққа тәрбиелеу. Тәрбие сағатының арасында балаларға "Өз туыңды таны", " Еліміздің картасы", "Шуақты күн" дидактикалық ойындар ойнатылды. Ойындар туды құрметтеуге, еліміздің картасын тануға, балалардың зейінін шоғырландыруға бағытталған. Тәуелсіз, бейбіт елде балаларымыз бақытты балалық шақта өсе берсін! Бүгінгі күннің балалары ертеңгі күннің болашағы!!!
Ұйымдастырған: тәрбиешілер.
@mugalzhar_bilim_bolimi







