2023 жылдың желтоқсан айының 20 күні 10-11 класс ата – аналары үшін «Сен жанбасаң лапылдап… Балаға өз бейімділігін табуға қалай көмектесуге болады» тақырыбында сабақ өткізілді. Мақсаты: ата-аналардың баланың өзін-өзі көрсетуіне дайындығын дамыту. Ата-аналарды топқа түрлі-түсті белгі төсбелгілер арқылы бөлінді, төсбелгіні таңдау арқылы қай топқа жататындығын анықтап алды. Ата-аналар «Бейімділік» сөзін ашу мақсатында оқушылардың мүмкіндігін, қабілеті, мінез-құлқы (темпераменті) мамандықты таңдаған темперамент ерекшлігі ескерілу керектігін және қай темпераментке қай мамандықтар ыңғайлы екендігі туралы түсіндірілді. Ата-аналарға «Тілалғыш бала" жаттығуы орындатылды. Топтарға олардың жас кезінде мамандық таңдағанда кездескен жағдайлар туралы сөйлесіп, ортаға салу ұсынылады.
1- топ ата-аналарды қорғайды. «Мен мамандықты ата-анамның кеңесі бойынша таңдадым және оған өкінбеймін».
2- топ ата-аналарының кеңесі бойынша мамандық таңдағанына өкінеді. "Мен мамандық алдым, жұмыс істеймін, бірақ әр жұмыс күні мен үшін азап".
3- топ «Мамандықты өзім таңдадым еш өкінбеймін…» тақырыптарында постер қорғады. Ата-аналар өз ойларымен бөлісті.
Ата-аналарға арналған шығармашылық тапсырма «Менің балам– ол қандай?» кестесі берілді. Таза қағазға үш баған сызып, бірінші бағанды «Темпераменті», екінші бағанды «Мүмкіндігі», үшінші бағанды «Мінез-құлқы» деп белгілеп. Өз балаңыздың қандай екені туралы ойланып, тиісті бағанға жазды. Әр ата-ана өз баласын туралы өз ойымен бөлісті. Ата-аналарға жағдаяттар ұсынылып, жағдаяттарды әр ата-ана өз ойымен пікірімен бөлісті. Рефлексия бөлімінде «Инстаграмм» парақшасы арқылы яғни ұнаса жүрекшені, пайдалы болса пайдалы белгісін жабыстырды.
Өткізгендер: Абылова А, А. Сусинова, М. Уразалина
@mugalzhar
